Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал шынайы өмірге апаратын қақпа да, жол да тар. Соны біразы ғана табады. Мен бұларды сендер Менімен тығыз байланыста тұрып, тыныштыққа кенелсін деп айттым. Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым! Ол келіп, сол кісілерге деген Құдайдың рақымын көрген соң қатты қуанып, бәріне: «Иемізге шын жүректен адал болыңдар!» — деп жігер берді. Жиналыс тарап кеткен соң, көптеген яһудилер және Құдайды қастерлеуші басқа ұлттықтар Пауыл мен Барнабаға еріп жүрді. Бұл екеуі олармен сөйлесіп, Құдайдың рақымына сүйене берулерін мықтап ескертті. Пайғамбарлық дарыны да бар Яһуда мен Сыйлас жиналған бауырластарға ұзақ сөз сөйлеп, жігерлендіріп, сенімдерін бекітті. Бұл қалада біраз болып, тағы да жолға шықты; Ғалатия мен Фрүгия аймақтарын аралап, Иеміздің жолын қуушы шәкірттерінің бәрін жігерлендіріп, сенімдерін нығайтты. Азап шегу маңдайымызға жазылғандығы өздеріңе мәлім. Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады.
Выбор основного перевода