Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер солай істесеңдер, онда Ол елдеріңе күзгі де, көктемгі де жаңбырды мезгілінде жаудырып тұратын болады. Осылайша сендер астықты, жүзім шырынын және зәйтүн майын уақытында жинап, дайындап алатын боласыңдар. Ол жер бетіне жаңбыр жаудырып, егістікті суға қандырады. Сен жерді баптап суарып, құнартасың,Уа, Құдай, халықты нанға тойдыру үшінӨзендеріңді суға толтырасың,Жерді Өзің солай дайындайсың. Соқаның іздерін суға қандырасың,Топырақ кесектерін тегіс қыласың,Құйылған нөсермен оларды жұмсартасың,Өсіп шыққан өнімдерін жарылқайсың. Жаратқан аспанды бұлттармен жабады,Жер бетіне жаңбырды жаудырады,Тау-төбені көк шөппен жамылдырады. Халық шын жүректен өзара: «Құдай Иеміз бізге күзгі де, көктемгі де жаңбырларын мезгілінде жауғызады, жыл сайын белгілі мерзімде өнім сыйлайды, Оны терең қастерлейікші!» десіп келмейді. Құдай бұны адамдар Өзін іздесін, мүмкін, қарманып жүргендей іздестіріп, тауып алсын деп істеді. Ол әрқайсымыздан алыс емес, Өйткені Құдайдың көзге көрінбейтін қасиеттері — Оның мәңгілік құдіреті мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан бері айқын: бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап түсінуге болады. Сондықтан адамдар Құдайды біле алмадық деп сылтаурата алмайды.
Выбор основного перевода