Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Жаратқан Ие Өзіне шын жүректен бағышталып, адал болып жүргендерді күш-қуат беріп қолдау үшін, бүкіл жер жүзін назарында ұстап отырады.Осы істегеніңіз үлкен ақылсыздық болды. Сол үшін де бұдан былай соғыстан көз ашпайтын боласыз!» Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрадыОның періштесі, ол соларды құтқарады. Сонда Набуходоносор дауыстап былай деді:— Шадырақ, Мисақ, Әбдінего сиынған Құдай мадақталсын! Ол періштесін жіберіп, Өзінің қызметшілерін құтқарып алып қалды. Олар өздері сиынған Құдайға толық сенім артып, өзге тәңірге ғибадат етіп табынудан бас тартты, әрі патшаның бұйрығына бағынбай, тіпті өмірлерін қиюға да дайын болды! Құдайым Өзінің періштесін жіберіп, арыстандардың аранын жауып тастап, олар мені ешқандай жарақаттаған жоқ. Өйткені Құдайдың алдында айыпсыз деп те табылдым. Уа, патшам, өзіңізге де ешбір зиян келтірген емеспін. Сонда ол ақылға келіп, ішінен былай дейді: Әкемнің соншама көп жалшысы нанға тойып жүргенде, мен бұл жерде аштан өлетін болдым. Мұндай қорқынышты ажал қаупінен Ол бізді құтқарып алды және әлі де құтқаруда; сондай-ақ болашақта да құтқаратын болады деп Оған нық сенім артамыз. Бұл солай болғанда, Жаратқан Ие Өзіне ұнамды өмір сүретіндерді өтіп жатқан сынақтарынан құтқаруды, ал әділетсіздерді қиямет соты болатын күнге дейін сақтап, жазалауды, әрине, біледі. Періште атаулы — қызмет көрсететін рухтар ғана, солай емес пе? Жаратқан Ие оларды мәңгілік құтқарылуға ие болатын адамдарға қызмет етуге жібереді.
Выбор основного перевода