Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Антақиядағы сенушілер қауымында бірнеше пайғамбарлар мен тәлім берушілер бар еді: Барнаба, Қара деп аталған Шимон, Күренеден шыққан Лұси, аймақ әкімі Ирод Антипаспен бірге тәрбиеленген Манаин және Саул. Пайғамбарлық дарыны да бар Яһуда мен Сыйлас жиналған бауырластарға ұзақ сөз сөйлеп, жігерлендіріп, сенімдерін бекітті. Кесарияға жеткен соң, ол (Иерусалимге) өрлеп барды. Сонда қауымдағылармен сәлемдесті, содан (Сириядағы) Антақияға қарай бағыт алды. Құдай қауымда кейбіреулерді, біріншіден, елшілер, екіншіден, Өзінің хабарын жеткізушілер, үшіншіден, тәлім берушілер етіп қойды; Ол, сондай-ақ, кейбіреулерге кереметтер жасайтын құдірет, әрі ауруларды сауықтыратын, көмек көрсететін, ұйымдастырып басқаратын және түрлі бөтен тілдерде сөйлейтін дарындар да сыйлады.
Выбор основного перевода