Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бір күні түс қайта сағат үш шамасында Корнел Құдайдың бір періштесінің берген аянын анық көрді. Періште үйге кіріп, Корнелдің қарсы алдына тұра қалып:— Корнел! — деп тіл қатты. Одан көз алмай, шошып кеткен жүзбасы:— Мырза, не істеуім керек? — деп сұрады. Періште:— Сенің еткен мінажатың және жарлыларға көрсеткен қайырымдылығың Құдай алдына жетті; Ол соларды мейірлене ескереді. Енді біреулерді Иоппеге жіберіп, Шимон Петір деген адамды шақырт. Олар былай деді:— Бізді Корнел есімді жүзбасы жіберді. Ол — әділ, Құдайды қастерлейтін және бүкіл яһуди халқы сыйлайтын кісі. Оған Құдайдың қасиетті періштесі сізді өз үйіне шақырып, айтқан сөздеріңізге құлақ асуды бұйырған еді. — Сонда Корнел былай деді:— Үш күн бұрын мен үйде Құдайға сиынып мінажат етіп отырған едім. Уақыт қазіргі сияқты түстен кейінгі сағат үштің кезі болатын. Кенеттен киімдері жарқыраған бір ер адам алдыма тұра қалып: «Корнел, сенің мінажатың Құдайдың құлағына жетіп, жарлыларға көрсеткен қайырымдылығыңды Ол мейірлене ескереді. Біреулерді Иоппеге жіберіп, Шимон Петірді шақырт. Ол тері илеуші Шимонның теңіз жағасындағы үйінде тұрып жатыр», — деді.
Выбор основного перевода