Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Деяния
Параллельные места
Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой.Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады,Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады». Мен, Жаратқан Ие, адамның жүрегіндегісін зерттеймін, оның жан дүниесін анық тексеремін. Содан әркімге жасаған қылығына, істеген істеріне қарай есесін қайтарамын. Алайда бәрінің ойы мен ниеті құбылмалы екенін біліп, Иса оларға сене қоймады. Ол адам баласының көңіліндегісін толық білгендіктен, біреудің Өзіне ол туралы мәлімет беруін қажет етпеді. Иса оларға:— Осы он екіңді Мен таңдап алған едім. Сонда да іштеріңдегі біреуің әзәзіл шайтанның жетегінде, — деді. Тәңір адамның жүрегіндегісінің бәрін біледі; енді Ол тура бізге дарытқандай, басқа ұлттық сенушілерге де Киелі Рухты сыйға беріп, сол арқылы Өзінің оларды қабылдағанын ашық көрсетті. Ал Тәңір Ие адам жүрегінің түкпір-түкпіріндегіні біледі. Киелі Рух Құдайдың адамдары үшін Оның еркіне сай өтініш жасағанда Құдай Киелі Рухтың ниетін де түгелдей түсінеді.
Выбор основного перевода