Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Деяния
Параллельные места
Осы он екі елшінің есімдері мыналар: алдымен Шимон, ол Петір деп те аталатын, әрі соның інісі Әндір; сондай-ақ Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан; Філіп пен Барталмай; Тома мен салықшы Матай; Әлпей ұлы Жақып және Тадей (деген Лебей); Діншіл Шимон және кейін Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот. Исаның тағайындаған он екі елшісі мыналар еді: Өзі Петір деген қосымша ат қойған Шимон; Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан, бұл екеуіне Иса «Боанергес», яғни «Жауар күндей күркіреген жігіттер» деген қосымша ат берді; сондай-ақ Әндір, Філіп, Барталмай, Матай, Тома, Әлпей ұлы Жақып, Тадей, Діншіл Шимон және кейін Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот. Олар: Өзі Петір деген қосымша ат қойған Шимон және оның інісі Әндір; Жақып пен Жохан; Філіп пен Барталмай; Матай мен Тома; Әлпей ұлы Жақып және жұрт Діншіл деп атаған Шимон; Жақып ұлы Яһуда және кейін Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот. Мұнан соң Мәсіх сенушілерді қаладан шығарып, Бетанияның маңына ертіп барды. Сол жерде қолын жайып оларға батасын берді. Батасын беріп тұрғанда олардан бөлініп, көкке көтеріліп кетті. Сенушілер Мәсіхке тағзым етіп құрмет көрсетті, бұдан кейін зор қуанышпен Иерусалимге қайта оралды. Содан бастап ұдайы ғибадатханада болып, Құдайды мадақтап дәріптеп жүрді. (Аумин)
Выбор основного перевода