Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Мұса ғадтықтар мен рубендіктерге және Жүсіп ұлы Манасадан тараған рудың жартысына аморлықтардың патшасы Сихонның және Башанның патшасы Огтың патшалықтарын бүкіл жерімен, ондағы қалаларымен әрі соларға тиісті елді мекендерімен бірге қосып табыстады. Жаратқан Ие Мұса арқылы бұйырғандай, тоғыз руға және тағы бір рудың жартысына мұралық жерлері жеребе тасталып белгіленді. Себебі Мұса кезінде екі руға және басқа бір рудың жартысына мұралық жерлерін Иорданның шығыс жағынан белгілеген болатын. Ал леуіліктерге ол осы рулар қатарлы мұралық жер бөліп берген жоқ.
Выбор основного перевода