Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біреу жақсы болсын, жаман болсын кез келген бір іс істеймін деп ойланбастан ағат ант бере салса, ол тіпті өзінің айтқанын толығымен білмесе де, сол туралы оған мәлім болғанда ол айыпты болады. — Исраил халқына мынаны айт: Егер біреу Жаратқан Иеге қызмет етуге бір кісіні бағыштауға ерекше ант еткен болса, онда сол кісі үшін берілетін төлемді төмендегідей мөлшерде белгілесін. Құдай Иеңе қандай да бір ант берген болсаң, оны орындауды кешіктірме! Себебі Құдай Иең оны сенен талап ететін болады. Егер орындамасаң, Оның алдында күнәлі болып қаласың. Ал Ефтах Жаратқан Иеге ант етіп былай деген еді: «Егер Сен аммондықтарды менің қолыма тапсырсаң, Қызының осылай келе жатқанын көргенде, Ефтах көйлегінің өңірін жыртып:— Әттең, қызым-ай! Сен мені қатты қайғыртып, үлкен қасіретке түсіріп отырсың. Мен өз аузыммен Жаратқан Иеге ант еткен едім, енді соны қайтарып ала алмаймын! — деді. Қасірет кезінде аузымнан шыққан,Қиындыққа тап болғанда тілім айтқан,Саған берген сертімді іске асырамын,Өртелмек құрбандықпен үйіңе барамын. Қасірет кезінде аузымнан шыққан,Қиындыққа тап болғанда тілім айтқан,Саған берген сертімді іске асырамын,Өртелмек құрбандықпен үйіңе барамын. Ежелде жұртқа: «Анттарыңды бұзбаңдар, Жаратқан Иеге берген уәделеріңді орындаңдар!» деп бұйырылғанын естідіңдер. Сондықтан Ирод бойжеткенге не сұраса да сыйлауға уәде берді. Патша еңсесі түсіп қапаланды. Алайда бірге отырған қонақтарының алдында ант бергендіктен, қыздың өтінішін орындауға бұйырды.
Выбор основного перевода