Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тұрақты түрде күн сайын құрбандық үстелінің үстінде өртеліп ұсынылатындар мыналар: бір жастағы екі тоқты; біреуі таңертең, екіншісі кешке шалынып, өртеліп ұсынылсын. Бірінші тоқтыға қоса үш қадақ сығып алынған таза зәйтүн майымен араластырылған таңдаулы бидай ұнынан бір пұттың оннан бір бөлігін алып, өртеп жібер. Сұйық тарту ретінде үш қадақ шарапты соның үстіне құйып ұсын. Екінші тоқтыны ымырт жабыла құрбандыққа шал. Оған қоса таңертеңгідей астық және сұйық тартуларын да ұсын. Олар Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған, хош иісті де ұнамды сый-тартулар болмақ. Бұл — келер ұрпақтарыңның да күн сайын шалып, өртеу арқылы жасауға тиісті құрбандығы. Оны Жаратқан Иенің алдында, кездесу шатырының кіреберісінің жанында ұсыныңдар. Осы жерде Мен сенімен кездесіп, саған тіл қатпақпын.
Выбор основного перевода