Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шатырды көшіру қажет болған кезде леуіліктер оны жинап, қонған кезінде қайтадан тігуге тиіс. Ал егер киелі шатырға олардан басқа біреу жақындайтын болса, сол өлтірілсін. Ал леуіліктер қостарын киелі шатырды айналдыра тіксін. Осылай олар исраилдіктердің қауымын (киелі шатырға абайламай жақындап Құдайдың) қаһарына ілігіп қалудан қорғайтын болады. Осылайша леуіліктер Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырды қорып, қызметтерін атқаратын болады. Бұдан былай исраилдіктер қаһарыма ұшырамаулары үшін, сендердің киелі шатырдағы және құрбандық үстелінің алдындағы міндеттерді орындауларың керек.
Выбор основного перевода