Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұл адамдар күнә жасап, сол үшін өліммен жазаланғанмен, табалары Жаратқан Иенің алдына келтірілгенде Оған бағышталып киелі болды. Табаларды балғамен жалпақтап соғып, құрбандық үстелін солармен қаптап тастау керек. Осылайша исраилдіктерге ескертпе болсын». Мен кімді (діни қызметкер болуға) таңдап алған болсам, соның таяғы бүр жарады. Осылайша Мен исраилдіктердің өздеріңе қарсы күңкілдеп білдірген наразылықтарын доғартамын». Сол жерде алтын жалатқан түтету үстелі және жан-жағынан алтынмен қапталған Келісім сандығы орналасқан еді. Сол үстелдің үстінде Құдайға арнап хош иісті заттар өртеліп түтетілетін.Сандықтың ішінде Келісімнің куәліктері: манна деген керемет тағам салынған алтын құмыра, Һаронның бүр жарған таяғы және он өсиет жазылған екі тас тақташа сақталатын.
Выбор основного перевода