Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Исраил қауымындағы шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан барлық исраилдіктерді шыққан әулеттері бойынша түгендеп санап шығыңдар!» Сол кезде бүкіл Исраил халқы Иерихон қаласына қарама-қарсы, Иордан өзенінің жағасындағы Моабтың елсіз алқаптарында қостарын тігіп аялдаған еді. Сонда Мұса мен діни қызметкер Елазар оларға былай деп жариялады: «Жаратқан Ие Мұсаға бұйырғандай, жасы жиырмаға толған не одан асқан барлық ер адамдарды түгендеп санап шығыңдар!»Мысыр елінен көшіп шыққан Исраилдің бүкіл үрім-бұтағы мынау: Исраилдің тұңғыш ұлы Рубеннің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Ханохтан ханохтықтар, Паллудан паллулықтар, Хесроннан хесрондықтар, Қармидан қармилықтар тарады. Бұлар Рубеннен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық үш мың жеті жүз отыз екендігі анықталды. Паллудың ұлы Елияп болды. Елияптың ұлдары: Немуел, Датан, Абирон. Жаратқан Иеге мойынсұнбай, Мұса мен Һаронға қарсы шыққан Қорахтың сыбайластарының арасында осы Датан, Абирон атты қауым жетекшілері де болды. Сол кезде жер қақ айырылып, оларды Қорахпен бірге жұтып қойды. Қорахтың тағы да екі жүз елу жақтасын сол күні Құдайдың оты жалмап құртты. Осылайша бұл адамдар басқаларға ескертетін мысал болды. Алайда Қорахтың ұрпақтары толығымен құрып кетпеген еді. Шимонның ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Емуелден емуелдіктер, Яминнен яминдіктер, Яхиннен яхиндіктер, Зарахтан зарахтықтар, Саулдан саулдықтар тарады. Бұлар Шимоннан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны жиырма екі мың екі жүз екендігі анықталды. Ғадтың ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Сефоннан сефондықтар, Хагиден хагиліктер, Шуниден шуниліктер, Озниден озниліктер, Ериден ериліктер, Ародидан ародилықтар, Арелиден арелиліктер тарады. Бұлар Ғадтан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық мың бес жүз екендігі анықталды. Яһуданың Ер мен Онан деген ұлдары да бар еді, бірақ олар Қанахан елінде қайтыс болды. Ал Яһуданың қалған ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Шелахтан шелахтықтар, Парестен парестіктер, Зарахтан зарахтықтар тарады. Парестің ұрпақтары: Хесроннан хесрондықтар, Хамулдан хамулдықтар тарады. Бұлар Яһудадан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны жетпіс алты мың бес жүз екендігі анықталды. Исашардың ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Толадан толалықтар, Пуадан пуалықтар, Яшубтан яшубтықтар, Шимроннан шимрондықтар тарады. Бұлар Исашардан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны алпыс төрт мың үш жүз екендігі анықталды. Забулонның ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Середтен середтіктер, Елоннан елондықтар, Яхлелден яхлелдіктер тарады. Бұлар Забулоннан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны алпыс мың бес жүз екендігі анықталды. Манаса мен Ефрем есімді екі ұлы арқылы Жүсіптен тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Манасаның ұрпақтары: Махырдан махырлықтар тарады. Махыр Ғилақадтың әкесі болатын, әрі Ғилақадтан ғилақадтықтар тарады. Ғилақадтың ұрпақтары: Езерден езерліктер, Хелектен хелектіктер, Азриелден азриелдіктер, Сихемнен сихемдіктер, Шемидадан шемидалықтар, Хеферден хеферліктер тарады. Хефер ұлы Салопахадтың ұлдары болмай, Махла, Ноға, Хоғла, Мылқа, Тирса есімді қыздары болды. Бұлар Манасадан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны елу екі мың жеті жүз екендігі анықталды. Ефремнің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Шутелахтан шутелахтықтар, Бехерден бехерліктер, Таханнан тахандықтар, әрі Шутелахтың Әран деген ұрпағынан әрандықтар тарады. Бұлар Ефремнен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны отыз екі мың бес жүз екендігі анықталды.Жүсіптен (ұлдары Манаса мен Ефрем арқылы) тараған әулеттер, міне, осылар. Буняминнің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Беладан белалықтар, Ашбелден ашбелдіктер, Ахирамнан ахирамдықтар, Шефуфамнан шефуфамдықтар, Хұфамнан хұфамдықтар тарады. Беланың Ард пен Нағыман есімді екі ұлынан да екі әулет тарады: Ардтан ардтықтар, Нағыманнан нағымандықтар тарады. Бұлар Буняминнен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық бес мың алты жүз екендігі анықталды. Данның ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Шухамнан шухамдықтар тарады. Дан руының барлығы шухамдықтар әулеті болды. Олардың жалпы саны алпыс төрт мың төрт жүз екендігі анықталды. Аширдің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Имнадан имналықтар, Ишуиден ишуиліктер, Берияхтан берияхтықтар тарады. Осы соңғы әулет Берияхтың Хебер мен Малхиел деген екі ұлынан тараған хеберліктер мен малхиелдіктер әулеттеріне бөлінетін еді. Аширдің тағы Серах есімді қызы да болған. Бұлар Аширден тараған әулеттер. Олардың жалпы саны елу үш мың төрт жүз екендігі анықталды. Нафталимнің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Жахсиелден жахсиелдіктер, Гуниден гуниліктер, Есерден есерліктер, Шилемнен шилемдіктер тарады. Бұлар Нафталимнен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық бес мың төрт жүз екендігі анықталды. Шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан исраилдіктердің жалпы саны алты жүз бір мың жеті жүз отыз ер адам екендігі анықталды. Леуіліктердің шыққан әулеттері бойынша түгенделіп саналғандар мыналар: Герсоннан герсондықтар, Қахаттан қахаттықтар, Мерариден мерариліктер тарады. Леуіліктерге тағы мынадай әулеттер де жататын еді: лібіниліктер, хеброндықтар, мәхлиліктер, мұшилықтар, қорахтықтар.Қахаттан Ымрам тарады. Ымрамның әйелінің есімі Иохебед болатын, ол да Мысыр елінде туған леуілік әйел еді. Ымрам мен Иохебедтің Һарон, Мұса мен Мәриям есімді екі ұл, бір қызы болды. Һаронның Надаб пен Әбиһу, Елазар мен Ітамар есімді ұлдары бар еді. Надаб пен Әбиһу Жаратқан Иенің алдында оттың Ол бұйырмаған бөтен түрін ұсынғанда өлімге ұшыраған болатын. Жасы бір айдан жоғары еркек кіндікті леуіліктердің жалпы саны жиырма үш мың болды. Олар Исраилдің басқа руларымен бірге санаққа енгізілмеді. Себебі леуіліктерге олардың арасында жеке мұралық аймақ бөлінбеген еді. Жаратқан Иенің қаһары (күнә жасап жүрген) Исраилге қарсы қайтадан лаулады. Сонда (әзәзіл) Дәуітті халыққа қарсы қойып: «Бар да, (Солтүстік) Исраил мен Яһуданы санақтан өткіз!» — деп түрткіледі. Патша Жоғабқа және оның қарамағындағы қолбасшыларына бұйрық берді:«Әскер жасындағы халықтың санын білгім келеді. Исраилдің руларын оңтүстіктегі Бер-Шебадан солтүстіктегі Данға дейінгі аралықты түгелдей қамтып, халықтың санағын алыңдар!» — деді. Жоғаб патшаға:— Әскер жасындағы халқыңыз қаншама көп болса, Құдайыңыз Жаратқан Ие оны жүз есе көбейте көрсін! Мұны өз көзімен көруді тақсыр иеме жазсын! Ал, патша ағзам, мұндай шараны неліктен іске асырғыңыз келіп отыр? — деп жауап берді. Алайда патша Жоғаб пен өзге қолбасшыларын өзінің бұйрығын орындауға көндірді. Олар патшаның қасынан шығып, Исраил халқын санақтан өткізуге кетті. Жоғаб пен өзге әскер басшылары Иорданды кесіп өтіп, Арогердің маңында, аңғардағы қалашықтың оңтүстік жағына қостарын тігіп, іске кірісті. Содан кейін Ғад руының жерін аралап, Жазерге, мұнан соң Ғилақадқа, Тахтим-Ходши аймағына және Дан-Яғанға барды. Содан кейін бұрылып, Сидонға қарай бағыт алды да, Тир қорғанын және хивтіктер мен қанахандықтардың барлық қалаларын аралап шықты. Соңында Яһуда руының оңтүстіктегі Бер-Шеба қаласына жетті. Осылай олар бүкіл елді кезіп шығып, тоғыз ай жиырма күннен кейін Иерусалимге қайтып келді. Жоғаб патшаға халық санағының мына қорытындысын баяндады: Семсер ұстауға жарамды мықты адамдардың саны Солтүстік Исраилде сегіз жүз мың, Яһудада бес жүз мың адам болды. — Исраилдің ер адамдарын түгендеп санап жатқан кезде санаққа кірген әркім өз өмірі үшін Жаратқан Иеге жан басы салығын төлесін. Сонда олар санақтан өткенде індетпен жазаланбайды. Қауымның санаққа енгендерінен жиналған күміс мөлшері бір мың жеті жүз жетпіс бес ресми мысқал болды. Санаққа енген, жасы жиырмаға толған не одан асқан барлығы алты жүз үш мың бес жүз елу ер адам еді. Олардың әрбіреуі бір бекадан күміс берді. Бека — ресми мысқалдың жарты мөлшері.
Выбор основного перевода