Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдің үрім-бұтағы Рефідимнен жолға шығып, Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінің өзінде Синай атты елсіз далаға жетті. Олар Синай тауына барып, оның қарсы алдындағы құла түзде шатырларын тікті. Сол жерден, Келісім сандығы қақпағының үстіндегі екі керуб мүсіндерінің ортасынан Мен саған тіл қатып, Исраилдің үрім-бұтағына сен арқылы бұйыратын ережелерімнің бәрін тапсырамын. «Менімен кездесуге арналған тұрағым — киелі шатырды бірінші айдың бірінші күні құрғыз. Осылайша (халық Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі) екінші жылдың бірінші айының бірінші күні Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы құрастырылды. Сол екінші жылдың екінші айының жиырмасыншы күні Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырдың үстіндегі бұлт жоғары көтеріліп, алға жылжи бастады. Сонда исраилдіктер Синай атты елсіз даладан шығып, бұлт жылжи Паран даласына келіп тоқтағанша көштерін жалғастырды.
Выбор основного перевода