Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тұңғиықтағы қайнар көздер бітеліп, «аспан қақпалары жабылып», жаңбыр басылды. Бірақ та Ол бұлттарға бұйрық берді,«Аспанның қақпаларын» ашып берді, Жаратушы бұлттарды аспанда орнатқанда,Тереңнен қайнар көздерді нығайтқанда, Қорқыныштан қашатындар орға түседі, ал ордан өрмелеп шыққандар тұзаққа түседі.Себебі «аспан қақпалары» айқара ашылып, жердің негізі сілкінеді! Өйткені Жаратушы Тәңір Ие Тир қаласы туралы мынаны да айтады: «Мен сені қиратамын, ешкім тұрмайтын қалалар сияқты етіп тұңғиықты үстіңе шығарамын. Топан су сені басып тастамақ. Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер!
Выбор основного перевода