Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жүсіптің дастарқанынан олардың алдына тамақ таратылған кезде Буняминнің табағына басқаларға қарағанда бес есе артық тамақ түсті. Бәрі Жүсіппен бірге тойғандарынша ішіп-жеп, көңілді отырды. Гехәзи:— Иә, тыныштық. Қожайыным мені сізге мынаны айт деп жіберіп отыр: Жаңа ғана Ефремнің таулы аймағындағы пайғамбарлар шәкірттерінен екі жас жігіт келе қалды. Соларға бір ат басындай күміс пен екі киім жиынтығын бере көріңіз! Нағыман оған:— Екі ат басындай күміс ала ғой! — деді. Оны көндіріп, екі ат басындай күмісті екі киім жиынтығымен қоса екі дорбаға салып беріп, оны өзінің екі қызметшісіне көтертіп, Гехәзимен бірге жіберді.
Выбор основного перевода