Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ыбырам тоқсан тоғыз жасқа толған соң Жаратқан Ие оған аян беріп:— Мен құдіреті шексіз Құдаймын. Менің көз алдымда мінсіз жүр. Құдіреті шексіз Құдай сені жарылқап, ұрпақты етіп, сенен бір топ ұлттарды таратсын! Ол сөзін жалғастырып: — Мен құдіреті шексіз Құдаймын. Өсіп-өніп, ұрпақтарың көбейсін! Сенен халық, тіпті көптеген халықтар тарап, патшалар да шығатын болады. Жүсіп бұрылып кетіп, көзіне жас алды. Содан ол қастарына қайта оралып, олармен тағы да сөйлесті. Кейін ағайындылардың ішінен Шимонды тұтқындатып, олардың көзінше байлатты. Жақып:— Сендер мені балаларымсыз қалдырып отырсыңдар: Жүсіптен айырылдым, Шимоннан да айырылдым, енді Буняминді де алып кетпексіңдер! Апаттың бәрі басыма төніп тұр! — деп қапаланды. Содан Ол халқын тұтқында ұстаған бар елдердіОларды аяп мүсіркеуге мәжбүрледі.
Выбор основного перевода