Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мынау — нөкер жігіттеріңізге беру үшін мендей күңіңіздің тақсыр иесіне алып келген сыйлары. Содан Нағыман барлық қызметшілерімен бірге Құдайдың адамына қайтып барды да, оған:— Міне, енді бүкіл дүние жүзінде Исраилдің сиынатын Құдайынан басқа шынайы құдайдың жоқ екеніне көзім жетіп отыр. Сондықтан өтінемін, менен мына сыйлықты қабылдай көріңіз! — деп сый-тартуын ұсынды. Нағыман оған:— Екі ат басындай күміс ала ғой! — деді. Оны көндіріп, екі ат басындай күмісті екі киім жиынтығымен қоса екі дорбаға салып беріп, оны өзінің екі қызметшісіне көтертіп, Гехәзимен бірге жіберді.
Выбор основного перевода