Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол себепті мен Оның алдында үрейге кенелемін. Бұл жайт есіме түскен сайын қорқып дірілдеймін. (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан Ие, мені сынап тексердің,Сен мені толығынан танып білесің: Отырғаным, тұрғаным да Саған аян,Ойларымды біліп, ұғасың алыстан. Жүрейін не демалайын, көз алдыңдамын,Жолдарымның барлығы да Саған айқын. Сөз шықпай тұрып-ақ менің аузымнанОны толық білесің, уа, Жаратқан! Алды-артымнан жүресің мені қоршапҚұдіретті қолыңды үстімде ұстап. Біліміңді ұға алмаймын ешқашан,Ол қол жеткізбес биік те ғажап маған! Сенің Рухыңнан мен қайда қашпақпын?Көз алдыңнан қайда жасырынбақпын? Көкке көтерілсем, сол орындасың,Тұңғиыққа түссем де, Сен сондасың. Таң шапағына қалықтап ұшсам да,Не теңіздің ар жағына қонсам да, Сол жерде де мені қолың жетелеп,Құдіретті қолың ұстайды демеп. Мен: «Қараңғылық мені тасаласын,Айналамдағы жарық түнекке айналсын!» Десем де, түнек жасырмайды Сенен,Саған күндей нұрлы — түннің өзі де,Жарықтай айқын — түнек те көзіңе! Мені тек жақын жерде тұрып, алыс жерде бола алмайтын Құдай дейсіңдер ме? — деп сұрайды Жаратқан Ие. — Әлде адам құпия жерге тығылып, Менің көзімнен тасалана алады деп ойлайсыңдар ма? Аспан мен жердің барлық жерінде Мен бармын, солай емес пе? — деп ескертеді Иеміз.
Выбор основного перевода