Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жеме! Себебі одан жесең, сол күні өлесің», — деді. Оған Нұх деп ат қойып: «Ол Жаратқан Иенің қарғысына іліккен жерде бейнетпен жұмыс істеп жүрген бізге жұбатушы болады», — деді. Құдайға бағынбау — ауыр күнә, сәуегейлік секілді,Қасарысу — сұмдық іс, жалған тәңірге табыну іспетті!Сен Жаратқан Иенің сөзінен бас тарттың, енді Ол да сені патша етуден бас тартты. Солай болғанда адам баласына осы өткінші дүниеде атқарған бейнетті еңбегінен және жан салған ұмтылысынан не пайда? Ол өмір бойы міндетін өтеп, азап пен мехнат шегіп жүреді, тіпті түнде де оның ақыл-санасы толықтай тынықпайды. Бұл да бекершілік. Өйткені жаратылыс өз еркімен емес, Құдайдың үкімімен өткіншілікке бағынды. Солай бола тұра, Құдай бізге болашақта жаратылыс та өткіншіліктің құлдығынан босатылып, Құдайдың рухани балаларының салтанатты ұлылығы мен бостандығына жетеді деген үміт берді. Қазірге дейін бүкіл жаратылыстың толғақ азабы секілді бейнет шегіп, ыңқылдай күрсініп жатқанын білеміз.
Выбор основного перевода