Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Қанахан елін ашаршылық жайлап, Ыбырам біраз тұра тұру мақсатымен Мысырға көшіп барды. Себебі аштық үдеп тұрған еді. Сол кезде Ыбырайым тұрған жерінен Қанаханның оңтүстік аймағына көшіп, біраз уақыт Қадеш пен Шурдың арасында тұрды. Сол жерден ол Герар қаласының маңына көшіп барып, сонда жат жұрттық болып уақытша қоныстанды. Ыбырайым (сол жерде кездескен адамдарға) әйелі Сара туралы: «Бұл — менің қарындасым», — деді. Содан Герардың патшасы Әбумәлік кісі жіберіп, Сараны алдыртты.
Выбор основного перевода