Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен оны жарылқап, саған Сарадан да бір ұл сыйлаймын. Сараға ұлттардың түп анасы болсын деп ақ батамды беремін. Халықтардың патшалары да Сарадан тарайтын болады. Туысқандары Рабиғаға бата беріп былай деді:«Қарындасымыз, сан мыңдағанҰрпақтардың анасы болғын,Жауларының қалаларынҮрім-бұтағың басып алсын!» Саған ұлттар қызмет жасай берсін,Һәм халықтар бас иетін болсын!Сен билейтін бол бауырларыңды,Саған бағынсын анаңның ұлдары!Сені қарғайтындарды қарғыс атсын,Ал батасын беретіндер жарылқансын!» Семсеріңе сүйене өмір сүресің,Әрі бауырыңа мойынсұнып жүресің.Бірақ жұлқынып қарсы шыққан уақытыңЖеткенде мойныңдағы езгісінен оныңБосап, құтылып кететін боласың». Мұса Қадештен Едом патшасына елшілері арқылы мынадай сәлем жіберді:— Ағайындарың исраилдіктерден дұғай сәлем. Біздің басымызға түскен әр алуан бейнеттер туралы өздерің білесіздер. Дәуіт Едом еліне қарауылдарын орналастырып, халықтың барлығы оған бағынышты болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды. ал Есауды таңдамадым. Оның қыратты аймағын қаңыраған бос далаға айналдырып, меншікті жерін құла түздің шибөрілеріне қалдырдым, — деп жауап береді. Бұл жерде Құдайдың адамдарды олардың істеген істері бойынша емес, Өзінің еркі бойынша таңдап алуы айқын көрінеді. Ол Рабиғаға: «Ағасы інісінің қызметшісі болмақ», — деген хабар жіберді.
Выбор основного перевода