Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қызметші мінажатын аяқтамай тұрып-ақ, қала жақтан иығында құмырасы бар Рабиғаның келе жатқанын көрді. Ол Мылқаның ұлы Бетуелдің қызы болатын, ал Мылқа Ыбырайымның інісі Нахордың әйелі еді. Ол ішіп болған кезде қыз оған:— Мен түйелеріңізді де шөлдері қанғанша суарып берейін, — деп ұсынды. Ол:— Мен Нахордың Мылқадан туған ұлы Бетуелдің қызымын, — деді. Рабиғаның Лабан деген ағасы бар еді. Лабан қарындасының жаңа сырғасы мен білезіктерін көріп, Рабиғадан бөтен адамның оған не айтқанын сұрап білді. Содан ол тездетіп су көзінде түйелердің жанында тұрған сол адамға қарай бет алды. Ысқақ Рабиғаны өзінің марқұм анасы Сараның шатырына кіргізіп, оған үйленді. Қалыңдығы Ысқаққа қатты ұнады. Содан оның анасы қайтыс болғаннан кейінгі қайғысы сейілді.
Выбор основного перевода