Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Сенің барлық нәрсені де істей алатыныңды енді білдім. Ешбір ниетіңді тоқтату мүмкін емес. Сондықтан Исраилдің Құдайы, Әлемнің Иесі Жаратқан Ие, мынаны айтады: Мен Яһуда мен Иерусалимнің барлық тұрғындарына алдын ала айтқан пәлені толығымен жіберемін. Себебі Мен қанша айтсам да, олар тыңдамады. Мен дауыстап шақырсам да, олар жауап берген жоқ. — Мен, Жаратқан Ие, күллі адамзат атаулының Құдайымын. Қолымнан келмейтін іс бар ма? Әлемнің Иесі былай деп сұрақ қояды: — Қазіргі кезде осы халықтың тірі қалғандарына бұл айтқандарымның жүзеге асуы тым керемет болып көрінсе, оның Мен үшін де тым керемет болып көрінгені ме? — «Біздің түп атамыз — Ыбырайым» деп мақтанбаңдар! Сендерге шын айтамын: Құдай Ыбырайымға мына тастардан да ұрпақ жасап бере алады. Иса оларға қарап:— Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан бәрі де келеді, — деп жауап берді. Себебі Құдайдың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас! — Осылай ол Тәңірдің өз уәдесін орындай алатынына қалтқысыз сеніп, Оған құрмет көрсетті. Өйткені Құдайдың Ыбырайымға берген уәдесі былай болған: «Келесі жылы осы уақытта Мен саған тағы да келемін. Сонда әйелің Сараның ұлы болады».
Выбор основного перевода