Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ахаб жалған тәңірлердің мүсіндеріне табынып өте жеркенішті қылық жасап жүрді. Осылай ол Жаратқан Ие баяғыда исраилдіктердің алдынан қуып жіберген аморлықтардың зұлым істеріне еліктеді. Ал Мен ежелде халқымның көз алдында самырсындай биік, емендей мықты Амор халқын күйреткенмін. Сонда Мен оның төбесіндегі жемісі мен түбіндегі тамырын да біржола құртқан болатынмын. Осылайша ата-бабаларыңның жауыздық істерінің мөлшерін толықтыра түсесіңдер! Себебі олар біздің басқа ұлттарға Ізгі хабарды жариялап, құтқару әкелуімізге кедергі жасай береді. Осылай олар күнәларын күннен күнге көбейтіп келе жатыр. Содан Құдайдың қаһары төбелерінен төніп тұр.
Выбор основного перевода