Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай баланың жылап жатқан даусына құлақ асты. Оның періштесі аспаннан Ажарға дауыстап: «Саған не болды, Ажар? Қорықпа, Құдай мына жерде жатқан баланың даусына құлақ асты. Бұл түні оған Жаратқан Ие аян беріп: «Мен әкең Ыбырайым сиынатын Құдаймын. Қорықпа, әрдайым сені көз алдымда ұстап жарылқаймын. Қызметшім Ыбырайым үшін сенің үрім-бұтағыңды өте көп етемін», — деді. Уа, Исраил, қандай бақыттысың сен,Жаратқан Ие құтқарған аман-есенӨзіңдей басқа халық бар ма екен?Ол сені қалқандай қорғап-қолдайды,Семсердей саған үстемдік сыйлайды.Алдыңда құлдық ұрады жауларың,Биік жерлеріне аяғыңды басасың». Парсы патшасы Кирдің Бабылға билік құрған үшінші жылы Белшазар деп те аталған Даниялға Құдайдың хабары жетті. Осы шынайы хабар үлкен соғыс, ауыр кезең туралы болды. Даниял бір көрініс көріп, сол хабар туралы түсінік алып, мәнін ұқты. Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің,Даңққа бөлеп, беделімді көтересің. Жаратқан — жартастай берік қорғаным,Мені қауіп-қатерден құтқарушым,Құдайым — сенім артқан шың құзым,Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым,Әрі биік таудағыдай баспанам! Әділ жан пәледен құтқарылар,Арамза оның орнына соған ұшырар. Бірақ періште оған тіл қатып былай деді:— Зәкәрия, қорықпа! Тілегің қабыл болып, әйелің Елізабет саған ұл туып береді. Ұлдың атын Жақия деп қоясың. Ал періште оған:— Қорықпа, Мәриям, саған Құдай рақымын түсірді. Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Құдайға келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс.
Выбор основного перевода