Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Ұзиях жорыққа аттанып, філістірлермен соғысып, Ғат, Ябнех, Ашдод қалаларының қамалдарын қиратып тастады. Кейін ол Ашдод аймағында және філістірлердің қалған жерлерінде өз қалаларын салғызды. Онда Мен жауларын лезде жуасытар едім,Қинаған дұшпандарына қол жұмсар едім, Сондықтан да Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Біліп қойыңдар, Мен філістірлерге қарсы қолымды созып, кереттіктерді құртып, теңіз жағалауындағы қалған халықтарды да жоқ қыламын. (Філістір еліндегі) Газа қаласы қаңырап бос қалып, Ашқалон да қирап үйіндіге айналады; Азоттың тұрғындары тал түсте айдалып әкетіліп, Әкронның халқы да түп-тамырымен жұлынып тасталады. Азот қаласын жат жұрттық келімсектер мекендейтін болады. Філістір елінің өркөкіректігін Мен осылайша жоямын.
Выбор основного перевода