Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Сол кездері Арама елінің патшасы Бен-Хадад күллі әскерін жинап алды. Онымен бірге өзіне қарасты тағы отыз екі патша өздерінің салт аттылары және соғыс күймелерімен қоса аттанды. Барлығы өрлеп барып, Самария қаласын қоршап алып, оған шабуыл жасамақ болды. Алайда осыдан едәуір уақыт өткеннен кейін Арама патшасы Бен-Хадад өзінің бүкіл әскерін жинап, Самарияға аттанып, қаланы қоршап алды. Арама патшасы Хазаил қайтыс болып, оның ұлы Бен-Хадад орнына патша болды. Хазаил кезінде Жоғастың әкесінен тартып алған қалаларды Жоғас енді Бен-Хададтан өз билігіне кері қайтарып алды. Себебі Жоғас Бен-Хададты үш рет жеңіп шығып, сол исраилдік қалаларды еліне қайтадан қосты. Мен Дамаскінің қабырғаларына от қойғызамын, сонда Бен-Хададтың сарайларын өрт жалмайтын болады».
Выбор основного перевода