Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тәңір Ие сотта тергейді өз халқын,Олардың күш-қуатының сарқылғанын,Құл мен еріктінің тірі қалмағанынБайқап, оларға түсірер шапағатын. Егер таң атқанша оның иелігіндегі еркектерінің бірде-біреуін тірі қалдырсам, Құдай мені жазалаған үстіне жазаласын!» — деген болатын. Сол себепті Жаратқан Ие сізге мынаны айтады: «Саған жамандық жіберіп, сені түп-тамырыңмен құртамын. Ахабтың әулетіне жататын азат болсын, басыбайлы болсын, барлық еркек кіндіктілерді жоямын! Еху Самарияға жеткенде, (сол қалада тұратын, Жаратқан Иеге опасыздық жасап күнәға батқан) Ахабқа қандай да бір байланысы барлардың бәрін жаппай қырып-жойды. Осылайша Жаратқан Иенің Ілияс пайғамбар арқылы айтқан сөзі жүзеге асты. Себебі Жаратқан Ие Исраил халқының малай болсын, ерікті адам болсын, барлығының да басынан өткізіп жатқан ауыр азаптарына назар аударды. Оларға қол ұшын беретін ешкім болған жоқ.
Выбор основного перевода