Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құрбандықтың етіне жанасқан әр нәрсе Жаратқан Иеге бағышталып киелі болады. Егер құрбандықтың қаны киімге тамса, сол киімді киелі орында жуу керек. Құрбандықтың еті пісірілген ыдыс қыштан жасалған болса, сол ыдысты сындырып тастау керек, ал қоладан жасалған болса, оны ысқылап тазалап, сумен жуып-шаю керек. Тек діни қызметкердің отбасындағы барлық ер адамдардың ғана сол құрбандықтың етін жеулеріне болады. Ол Жаратқан Иеге бағышталған ерекше киелі. Дұшпандарың елдегі барлық қалаларыңды қоршап алып, олардағы сендер сенім артқан зәулім қамалдарыңды қиратады. Сонда жау Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстаған еліндегі барлық қалаларыңды қоршап алып, сендерді қыспақтайтын болады. Жауларың қалаларыңды қоршап, қыспаққа алғанда сендер шексіз азап шеккендіктен, тіпті өздеріңнің туған балаларыңды, иә, Құдайларың Жаратқан Ие сендерге сыйлаған ұл-қыздарыңның етін жейтін боласыңдар! жаңа туған нәрестесі мен баланың жолдасын кейін жеу үшін тығып қояды. Себебі жау барлық қалаларыңды жан-жақтан қоршап, бастарыңа ауыр азап тудырғандықтан одан басқа жейтін еш нәрселерің болмайды. Халқымның осылай күйреген кезіндеМейірімді әйелдердің өздері деБалаларын өз қолымен асып, жеді де. Сонда сендегі әкелер өз балаларының, ал балалары әкелерінің етін жейтін болады. Осылай Мен саған жазаңды тартқызамын. Содан тірі қалған адамдарыңның бәрін дүниенің шартарабына шашыратып жіберемін.
Выбор основного перевода