Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол себепті патша кеңесіп алып, алтыннан екі жас бұқа мүсінін жасатып, халыққа: «Иерусалимге бару сендерге тым қиын ғой. Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірлерің осылар!» — деп жариялатты. Екі мүсіннің біреуін Бетел, екіншісін Дан қалаларында орнатқызды. Бұл ауыр күнәға түрткі болды. Себебі халық оларға сонау Данға дейін барып табына бастады. Еробоғам биіктеу жерлерде жалған тәңірлерге табынатын ғибадатханалар салғызып, Леуі руынан емес, кез келген адамды діни қызметкер етіп тағайындады. Еробоғам оның үстіне Яһудада жыл сайын тойланатын Күркелер мейрамына еліктеп, сегізінші айдың он бесінші күні жаңа бір мейрам өткізуді бекітті. Ол осы мейрам кезінде Бетелде өзі жасатқан жас бұқа мүсіндеріне арнап құрбандықтар ұсыну үшін ондағы құрбандық үстелінің қасына көтерілді. Патша салғызған табыну орындары үшін діни қызметкерлерін Бетелде тағайындады. Ал сенің зұлымдығың өзіңнен бұрын өткендердің қай-қайсысынан да басым болды. Сен өзіңе жалған тәңірлер таңдап, жас бұқа мүсіндерін жасатып алдың. Осындай істеріңмен Менің қаһарымды туғыздың. Сен Менен мүлдем бас тартып кеттің. Еробоғамның күнәға батып, елдің халқын да сол күнәларға еліктіргеніне бола Жаратқан Ие Солтүстік Исраилді тастап кетеді».
Выбор основного перевода