Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олардың тәңірлеріне табынбаңдар, әрі істегендеріне еліктемеңдер! Қайта, олардың тәңір мүсіндерін талқандап, тас бағаналарын қиратыңдар. Ахабтың Еробоғам патша сияқты күнәға батқаны былай тұрсын, ол Сидон патшасы Етбағалдың қызы Езабелге үйленіп, жалған тәңір Бағалға құлшылық етіп, оған бас ұра табынып кетті. Ахаб Самарияда Бағалға бағыштап ғибадатхана салып, құрбандық ұсыну үстелін тұрғызды. Бұл кезде Еху қаладағы халықтың барлығын жинап алып, оларға тіл қатып былай деді: «Ахаб Бағалға азғантай ғана құлшылық еткен болатын, ал мен, Еху, Бағалға одан көп құлшылық ететін боламын! Бағалға бағышталған бағананы сыртқа алып шығып, өртеп жіберді. Содан олар Бағалдың тас бағанасын сындырып, оған бағышталған бүкіл ғибадатхананы қиратып тастады. Оның орнын әжетханаға айналдырып, ол күні бүгінге дейін солай қолданылып келеді. Осылайша Еху Исраилден Бағалға табынушылықты түп-тамырымен жойды.
Выбор основного перевода