Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
4. Царств
Параллельные места
Ал Жаратқан Иенің періштесі тішбелік Ілиясқа мына тапсырманы берді: «Жиналып, Самария патшасының елшілерінің алдынан шық. Оларға: Исраилде Құдай жоқтай, сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубке неге бара жатырсыңдар?! Олар былай деп жауап берді:— Алдымыздан бір адам шығып, бізге тіл қатып былай деді: Сендерді жіберген патшаға қайтып барып, оған: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Исраилде Құдай жоқтай, неге сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубтен ақыл-кеңес сұрап, адам жіберіп жатырсың?! Сол үшін де жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің!» деген хабарды жеткізіңдер! — Бірде Еліше Дамаск қаласына барды. Сол кезде Арама елінің патшасы Бен-Хадад ауырып жатқан болатын. Еліше туралы патшаға: «Құдайдың адамы осында», — деп баяндалғанда, патша нөкерлерінің бірі — Хазаилге былай деп тапсырды. «Сыйлық алып, Құдайдың адамына барып кел! Ол Жаратқан Иеден: «Осы аурудан жазылар ма екенмін?» деп сұрай көрсін». Хазаил Дамаскінің ең жақсы заттарынан қырық түйеге сыйлық артып алып, жолға шықты. Елішенің үйіне кіріп, оның алдында тұрып:— Сіздің құлыңыз — Арама патшасы Бен-Хадад мені сізден: «Осы аурудан жазылар ма екенмін?» деп сұрауға жіберді, — деді. Еліше:— Оған қайтып барып: «Сіз сөзсіз сауығып кетесіз» де. Ал Жаратқан Ие маған оның іс жүзінде өлетінін ашық көрсетті, — деп жауап берді. Сөйтіп (пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздерін) жүзеге асыруға келдім: «Өз ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы шығады. Иерусалимнен келген кейбір дін мұғалімдері де Исаға:— Оның бойында жындардың әміршісі белзебүл бар! Жындарды соның күшімен қуып шығарады, — деп жала жапты.
4. Царств
Выбор основного перевода