Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
4. Царств
Параллельные места
Ал Жаратқан Ие от жіберіп, өз беттерімен хош иісті заттарды түтетіп жатқан екі жүз елу адамды өртеп жіберді. Сол адам осыны әлі де айтып тұрған кезде басқа бір шабарман жетіп келіп, былай деді: «Аспаннан Құдайдың оты түсіп, қой-ешкілеріңіз бен қызметшілеріңізді өртеп жалмап қойды! Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын». Шәкірттері Жақып пен Жохан мұны көріп:— Мырза, мақұл көрсеңіз, (Ілияс пайғамбар істегендей) көктен от түсіп, оларды жойсын деп бұйырайық, — деді. Егер кейбіреу оларды жәбірлемек болса, онда ауыздарынан от-жалын шашып, жауларын жалмап қояды. Оларға зиянкестік жасағысы келгендер осылай құртылады. Ал мың жыл өткеннен кейін әзәзіл шайтан зынданынан босатылады. Ол дүниенің төрт бұрышындағы халықтарға — Гог пен Магогқа барып, оларды алдап, шайқасқа жинауға ұмтылады. Олар теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай сансыз көп болады. Сонда дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген осы тобыр Құдай халқының ордасы — Оның сүйікті қаласын қоршап алады. Алайда көктен от-жалын түсіп, жауды жалмап қояды.
4. Царств
Выбор основного перевода