Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұл кезде Жаратқан Ие Леуі руын халықтың өзге руларынан бөліп, Өзінің қызметіне тағайындады. Леуіліктердің міндеттері Жаратқан Иенің Келісім сандығын (халық көшкенде) көтеріп жүру, Жаратқан Иенің алдында тұрып қызмет ету және Оның атынан адамдарға бата беру болды. Леуіліктер қазірге дейін осы міндеттерін атқарып келеді. Бүгін осында түнеп шық. Ертең сол адам саған әмеңгер болуға келіссе, онда жақсы, солай болсын. Ал егер ол бас тартса, мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдындағы адал сөзім: онда мен саған әмеңгерің болып үйленемін. Ал әзірше таңға дейін осы жерде ұйықтай бер. Елді қуаңшылық жайлаған үшінші жылы Жаратқан Ие Ілиясқа сөзін арнап: «Ахаб патшаның алдына барып көрін, өйткені Мен елге жауын жіберемін!» — деді. Бірақ Ілияс:— Өзім қызмет ететін мәңгі тірі Әлемнің Иесінің алдында шын айтамын: бүгін мен міндетті түрде Ахаб патшаның алдына барып көрінемін, — деп ант етті. Еліше:— Өзім қызмет ететін мәңгі тірі Әлемнің Иесінің алдында шын айтамын: Егер Яһуданың патшасы Жосапат болмағанда, мен саған көз салып назар аудармас та едім. Естеріңізде болсын: Ілияс пайғамбардың тұсында үш жыл алты ай бойы ешқандай жауын жаумай, барлық жерде қатты ашаршылық болған кезде Исраил елінде жесір әйелдер көп еді. Ілияс пайғамбар да біз сияқты пенде болатын. Алайда ол жаңбыр жаумасын деп шын жүректен сиынғанда, үш жарым жыл бойы жерге жаңбыр тамбады. Екеуі Құдайдың хабарын жариялаған кездерінде өз қалаулары бойынша жаңбыр жаумайтындай етіп аспанды жауып тастау, суды қанға айналдыру және жерді әр түрлі пәлелерге душар еткізу биліктері бар.
Выбор основного перевода