Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бір күні Дәуіт: «Саулдың әулетінен тірі қалған біреу бар ма екен? Мен Жонатан үшін оған мейірім көрсетейін!» — деп сұрастырды. Патша:— Саулдың әулетінен бірде-бір жанның тірі қалмағаны ма? Мен соған Құдайдың берік мейірімін көрсеткім келеді, — деді. Сиба:— Жонатанның ұлдарының біреуі әлі де бар. Ол екі аяғы майып болған ақсақ, — деп жауап берді. Саған патша иеңнің сарайы мен әйелдерін табыстап, Исраил мен Яһуда елдерін де тапсырдым. Мұның бәрі аз болса, оның үстіне тағы соншама қосып берер едім. Себебі менің атамның әулеті патша иемнің алдында өлімге лайықты болғанмен, маған өзіңіздің дастарқаныңыздан тамақтануға рұқсат бердіңіз. Енді менде патшадан тағы бір нәрсе талап ететіндей құқық бар ма? — Бірақ патша Жонатанның ұлы, Саулдың немересі Мепібосеттің өмірін сақтап қалды. Себебі Дәуіт және Саул ұлы Жонатан кезінде Жаратқан Иенің алдында бір-біріне ант беріскен болатын. Ал ғилақадтық Барзилайдың ұлдарына мейірім көрсетіп, оларды өз дастарқаныңнан тамақтанатындардың қатарына қос. Ағаң Абессаломнан бас сауғалап қашқанымда солар менің алдымнан шығып, қолдау көрсеткен болатын.
Выбор основного перевода