Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт зәйтүн тауының басынан сәл өте бергенде, оған Мепібошеттің қызметшісі Сиба кездесе кетті. Оның жанында екі жүз күлше нан, жүз-жүзден мейіз бен інжір бумалары және бір торсық шарап артылған, жұпталған бірнеше есегі бар еді. Патша Сибадан:— Сен бұлармен не істемексің? — деп сұрады. Сиба:— Есектер патшаның үй іші мінсін деп әкелінген, нан мен жемістер жігіттерге жеуге тағам, ал шарап елсіз далада жүріп, шаршағандардың күшін нығайтуға арналған, — деді. Патша:— Ал мырзаңның ұлы Мепібосет қайда? — деп сұрағанда, Сиба мынадай жауап берді:— Ол: «Бүгін Исраил халқы маған атам Саулдың патшалығын қайтарып береді!» деп Иерусалимде қалып қойды. — Сонда патша:— Ендеше Мепібосеттің меншігінің бәрі сенікі болсын! — деді. Сиба:— Алдыңызда бас иіп құлдық етемін, уа, патша ием. Лайым мейіріміңізге ие болсам екен, — деп алғысын білдірді. Дәуіт патша Бахуримге таяп қалғанда, сол елді мекеннен Саулдың әулетіне жататын біреу шықты. Гера ұлы Шимей есімді сол адам патшаны қарғап-сілеп келе жатты. Оның жанында Бунямин руының тағы бір мың адамы, солардың ішінде Саул әулетінің қызметшісі Сиба мен оның он бес ұлы әрі жиырма қызметшісі де болды. Олар патшаны қарсы алу үшін тездетіп Иорданға барды. Сонда патша:— Осы айтқаның да жетер. Мен былай деп шештім: Сиба екеуің жерді бөлісіп аласыңдар! — деп қорытты.
Выбор основного перевода