Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бүгін осында түнеп шық. Ертең сол адам саған әмеңгер болуға келіссе, онда жақсы, солай болсын. Ал егер ол бас тартса, мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдындағы адал сөзім: онда мен саған әмеңгерің болып үйленемін. Ал әзірше таңға дейін осы жерде ұйықтай бер. Патша ант етіп былай деді:— Барлық қиыншылық атаулыдан жанымды сақтап қалған мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: Үшінші күні Саулдың әскер қосынан біреу Сикеләгке келе қалды. Сол кісі қайғысының белгісі ретінде киімін жыртып, басына топырақ сеуіп алыпты. Ол Дәуіттің алдына келіп, жерге жығыла тағзым етті. — Ал не жағдай болды, айтып берші!— Жасақ ұрыс майданынан қашып, көбі сол жерде қаза тапты! Саул мен ұлы Жонатан да о дүниеге аттанды. — Дәуіт осыны айтқан жігіттен:— Саул мен Жонатанның өлгенін қайдан білесің? — деп сұрады. Сонда жігіт былай деді:— Мен кездейсоқ Гелбуе қыратына барған едім. Қарасам, Саул сол жерде найзасына сүйеніп отыр екен. Жаудың соғыс күймелері мен атты әскері ентелеп, жетіп-ақ қалыпты. Артына қараған Саул мені көріп, қасына шақырды. Мен оған: «Тыңдап тұрмын», деп жауап бердім. Ол: «Сен кімсің?» деп сұрады. Мен: «Амалектікпін», дедім. Ол: «Қасыма кел де, мені өлтір! Жаным шықпай, қиналып жатырмын», деп бұйырды маған. Мен қасына барып, өлтіріп тастадым. Себебі құлап, ауыр жарақаттанған оның тірі қала алмайтынына көзім жетті. Содан мен басындағы тәжі мен білегіндегі алтын білезігін шештім. Уа, тақсыр ием, оларды осында өзіңізге алып келдім. Өз обалың өзіңе. Жаратқан Иенің тағайындаған патшасын өлтірдім деп өз аузыңмен айтып, үкіміңді өзің шығардың! — деді.Содан ол сарбаздарының бірін шақырып алып: «Мынаны өлтір!» — деп бұйырды. Сарбаз келіп, бұйрықты жүзеге асырды.
Выбор основного перевода