Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт күн шығысымен адамдарымен бірге жолға шығып, філістір еліне қайта оралды. Ал філістір жасақтары Ізрелге қарай өрлеп кетті. Осы екі арада філістірлер Исраилдің жасағына қарсы соғысып жатты. Исраилдіктер олардан қашып, көбі Гелбуе тауында қаза тапты. Філістірлер Саул мен оның ұлдарының соңына түсіп, ақыры ұлдары Жонатан, Әминадап, Мәлхисуаны өлтірді. Саулдың айналасындағы шайқас қатты күшейе түсті. Садақшылардың жебелері дәл тиіп, оны ауыр жарақаттады. Саул өзінің қару-жарақ тасушы нөкеріне: «Семсеріңді суырып, маған сұғып ал! Мына құдайсыздар келіп, маған білгендерін істеп масқара қылмасын!» — деп бұйырды. Бірақ нөкері қатты қорқып, бұны істеуден бас тартты. Сонда Саул өз семсерін суырып алып, оны өзіне қарай қаратып үстіне құлап түсті. Патша:— Саулдың әулетінен бірде-бір жанның тірі қалмағаны ма? Мен соған Құдайдың берік мейірімін көрсеткім келеді, — деді. Сиба:— Жонатанның ұлдарының біреуі әлі де бар. Ол екі аяғы майып болған ақсақ, — деп жауап берді. Оның есімі Мепібосет еді, ол Жонатанның ұлы, Саулдың немересі еді. Мепібосет Дәуіттің алдына келе салысымен басын жерге дейін иіп тағзым етті. Дәуіт оған тіл қатып:— Мепібосет! — деді. Ол:— Сіздің құлыңызбын, тақсыр, — деп жауап берді. Жонатанның ұлы: Меріб-Бағал, ал соның ұлы: Миха.
Выбор основного перевода