Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Дәуіттің батырларының тізімі мынау:Ахамани ұлы Яшобам, ол Үш батырдың басшысы болды. Бір шайқаста ол үш жүз жау сарбазын сүңгісімен түйреп өлтірген еді. Үш батырдың екіншісі Ахоахтың ұрпағы Додай ұлы Елазар болатын. Філістірлер Пас-Даммим деген жерде шайқасқа жиналып тұрғанда Елазар Дәуіттің қасында жүрді. Шайқас арпа өсіп тұрған егістікте басталып, исраилдік сарбаздар філістірлерден қаша жөнелді. Бірақ Елазар мен Дәуіт егіс даласының ортасында берік тұрып алып, оны қорғап, філістірлерді оңды-солды қыра берді. Осылайша Жаратқан Ие оларға үлкен жеңіс сыйлап, халықты жаудан құтқарды. Бірде філістірлердің жасағы Рефаим аңғарында қостарын тіккен соң, Отыз басты жауынгердің үшеуі Адуллам үңгірінің маңайындағы жартасты паналап тұрған Дәуітке келді. (Оның туып-өскен) Бетлехем қаласында да філістір қарауылдары орналасқан болатын. Ал Дәуіт жасырынып, бекінуге ыңғайлы таулы жерде жүрді. Дәуіт адамдарына: «Шіркін, маған біреу Бетлехемдегі қала қақпасының жанындағы құдықтан су әкеліп берсе ғой!» — деген аңсауын білдірді. Сонда үш батыр філістір әскер қостарынан білдіртпей өтіп, Бетлехем қақпасының жанындағы құдықтан су тартып алып, оны Дәуітке әкелді. Бірақ Дәуіт суды ішкісі келмей, оны Жаратқан Иеге тарту ретінде ұсынып төгіп тастады да, былай деді: «Құдай мені мұны істеуден сақтай көрсін! Мен бұл суды қалай ішемін? Ол бастарын өлімге тігіп, оны алып келген мына адамдардың қаны іспетті ғой!» — Сондықтан Дәуіт суды ішпеді. Міне, сол үш батырдың ерлік істері осындай болды. Жоғабтың інісі Әбішай Отыз батырдың басшысы еді. Әбішай сүңгісімен үш жүз жауын түйреп өлтіріп, Үш батырдікіндей атақты иемденді. Басқа Отыз батырдан да даңқты болып, оларға басшылық еткенмен, Әбішай Үш батырдың дәрежесіне жете алмады. Кәбіселдік Еходай ұлы Бенаях та ерлік істер жасаған мықты жауынгер болды. Арыстандай күшті екі моабтық жауынгердің көздерін жойған сол еді. Қар жауып тұрған бір күні Бенаях ұраға түсіп, оның ішіндегі арыстанды өлтірді. Бенаях бойы бес шынтақ бір алып мысырлықтың да көзін құртты. Сол мысырлықтың қолында бақандай жуан сүңгісі болды, бірақ Бенаях оған қарсы бір таяқпен ғана шығып, мысырлықтың қолынан сүңгісін тартып алып, оны сонысымен түйреп өлтірді. Еходай ұлы Бенаяхтың ерлік істері осындай еді. Отыз батырдың ішіндегі ең даңқтысы сол еді, алайда ол Үш батырдың дәрежесіне жете алмады. Дәуіт Бенаяхты өзінің ұлан бөлімдерінің басшысы етіп қойды. Мықты батырлар мыналар болатын:Жоғабтың туған інісі Асахил, бетлехемдік Додо ұлы Елханан, хародтық Шаммах, пәлеттік Хелес, текоялық Икеш ұлы Ирақ, анатоттық Әбиезер, хушалық Сипхай, ахоахтық Илай, нетопаттық Маһарай, нетопаттық Бағанах ұлы Хелед, Буняминдегі гибеялық Рибай ұлы Іттай, пиратондық Бенаях, нахале-ғағаштық Хурай, арбаттық Әбиел, бахуримдік Азмаует, шағалбондық Әлиахпа, ғизондық Яшеннің ұлдары, харарлық Шаммах ұлы Жонатан, харарлық Шарар ұлы Ахиям, Урдың ұлы Елифал, махералық Хефер, пәлеттік Ахиях, кәрмелдік Хесрай, Езбай ұлы Нағарай, Натанның інісі Жоел, Хагри ұлы Мипхар, аммондық Селек, Сарұяның ұлы Жоғабтың қару-жарағын тасушы бероттық Нахарай, итірлік Ирақ, итірлік Гәреб, хеттік Ұрия, Ахлай ұлы Зауад, рубендік Шиза ұлы Адина; рубендіктердің рубасы болған оның қасында отыз сарбазы еріп жүретін; сондай-ақ, Маха ұлы Ханан, митналық Жосапат, аштароттық Ұзиях, арогерлік Хотамның ұлдары Шама мен Еиел, Шимри ұлы Едияил, оның інісі тистік Жоха, махавалық Елиел, Елнағамның ұлдары Ерибай мен Жошауиях, моабтық Ітма, Елиел, Ғабит, месобалық Ясиел. Жиырма төрт мың сарбазды қамтыған бірінші жасақ бөлімінің қолбасшысы Забдиелдің ұрпағы Яшобам болды. Осы бөлім бірінші айда қызмет ететін.
Выбор основного перевода