Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Ыбырайымның жауабы мынау болды:— Мен бұл жердегілер Құдайдан қорықпайды, сондықтан мені әйелім үшін өлтіріп тастар деп ойладым. Сонымен қатар бүкіл халықтың арасынан қабілетті бірсыпыра адамды таңдап ал. Олар Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын адал, әрі арам табыстан бойын аулақ ұстайтын болулары қажет. Солар мың, жүз, елу және он адамға басшылық жасап, Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты,Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,Барлық жолдары Оның әділетті,Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,Әрдайым Ол әділ әрі шынайы! Жаратқан — жартастай берік қорғаным,Мені қауіп-қатерден құтқарушым, Құдайым — сенім артқан шың құзым,Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым,Әрі биік таудағыдай баспанам,Мені құтқарады зорлық-зомбылықтан! Жаратқан Иеден басқа кім Құдай екен?Құдайымыздан басқа кім қорғайтын құз екен? Сондықтан Жаратқан Иені терең қастерлеп, зұлымдық атаулыдан шошыныңдар! Іс-әрекетеріңе мұқият назар аударыңдар! Біздің Құдайымыз Жаратқан Ие әділетсіз үкім, бет-жүзге қарау, пара алу дегеннің бірде-біреуіне төзбейді!» Патша оларға нұсқау беріп былай деді: «Әрдайым Жаратқан Иені терең қастерлеп, міндеттеріңді адалдықпен және шын жүректен атқарыңдар!
Выбор основного перевода