Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Дәуіт жерден тұрып, жуынып, әдеттегідей маймен сыланып, киімін ауыстырды. Жаратқан Иенің киелі үйіне барып, иіліп ғибадат етті. Мұнан кейін үйіне қайта оралып, тамақ сұрап, алдына қойылғанды жеп алды. Сонда бір ақылды әйел қала ішінен былай деп дауыстады:— Тыңдаңдар, тыңдаңдаршы! Жоғабты осында шақырыңдаршы! Онымен сөйлескім келеді. — Сол кезде пайғамбарлар шәкірттерінің біреуі Жаратқан Иенің сөзі бойынша қасындағы серігіне: «Мені ұрып-соқ!» — деп бұйырды. Бірақ серігі ұрудан бас тартты. Сонда әлгі пайғамбар: «Жаратқан Иенің айтқан сөзіне құлақ аспағаның үшін менен шыққанда саған арыстан бас салады», — деді. Оның серігі кетіп бара жатқанда-ақ бір арыстан оған тап беріп, өлтіріп тастады. Пайғамбар басқа біреуді тауып алып, оған: «Мені ұрып-соқшы!» — деді. Сол адам оны ұрып-соғып, жарақаттады. Мұнан кейін пайғамбар ешкім танымастай етіп көзін бір ораумен таңып алды да, жол бойына барып, Ахаб патшаны тосып тұрды. Ақыры патша өтіп бара жатқанда, пайғамбар оған айқайлап, былай деді:— Уа, тақсыр ие, алдыңыздағы құлыңыз шайқасқа қатысқан еді. Сонда бір адам маған қолға түскен жауды тапсырып: «Мынаны күзете тұр! Егер ол қашып кетсе, оның жаны үшін сенің жаның алынады немесе ат басындай күміс айып төлейсің!» деген болатын. Сонда ананы-мынаны істеп жүріп, қолым босамай кеткенде, тұтқын жоқ болып кетті! — Патша оған:— Үкімің сол болсын! Оны сен өз аузыңмен айттың, — деген тұжырымын айтты. Ахаб патша осыны айтқанда, пайғамбар дереу көзіндегі орауын алып тастады. Сонда патша оның пайғамбарлардың біреуі екенін таныды. Пайғамбар оған:— Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен міндетті түрде құртуға бұйырған адамды сен өз қолыңмен босатып жібергеніңе бола оның жаны үшін сенің жаның алынады, әрі оның халқы үшін сенің халқың қырылады! — деді. Мұны естігенде Ахаб патша қапаланып, түнере ашуланған күйі Самариядағы сарайына қайтып кетті. Олар: Бетлехем, Етам, Текоя,
Выбор основного перевода