Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қалғандары жасақтың қосына оралғанда, Исраилдің рубасылары ақылдасып: «Жаратқан Ие бүгін неліктен філістірлердің бізді талқандап жеңулеріне жол берді? Жаратқан Иенің Келісім сандығын Шилодан осында алдыртайық. Сонда ол ортамызда болып, бізді жау қолынан құтқарып алады», — деп ұйғарды. — Қазір қолымда бары жай нан емес, Құдайға бағышталған нан ғана. Егер нөкерлерің жақында әйел затынан бойларын аулақ ұстаған болса, онда жей берулеріне болар еді, — деді діни қызметкер. Дәуіт: — Біз жолға шыққаннан бергі күндері әйел атаулыдан аулақ жүрдік. Нөкерлерім жай жолдарда таза жүреді, ал бүгін олар ерекше тазарған болатын, — деп жауап берді. Сол тұста патша Натан пайғамбарға:— Міне, мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Құдайдың сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. Мен Исраил халқын Мысырдан бастап алып шыққан кезден бері осы күнге дейін мықты салынған үйде тұрмай-ақ келе жатырмын ғой. Бүкіл Исраил халқымен бірге бір мекеннен екіншісіне көшіп-қонып жүргенімде араларында бір шатырда, яғни кездесу шатырында, тұрып келемін. Сонда Мен халқым Исраилді басқаруға тағайындаған рубасыларына ешқашан: «Неге Маған арнап самырсыннан киелі үй салғызбадыңдар?!» деп шағымданған емеспін.
Выбор основного перевода