Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол екі арада Жоғаб аммондық Рабба қаласына қарсы шабуыл жасап, ондағы патшаның мекенін басып алды. Сонда Жоғаб Дәуітке хабаршыларын жіберіп олардан: «Мен Раббаға қарсы соғысып, қаланың сумен қамтамасыз ететін бөлігін басып та алдым. Ал енді, қалған әскерді жинап, қалаға қарсы қос тігіп, оны басып алыңыз. Егер өзім басып алсам, қала менің атыммен аталып жүрер», — деген сәлемін жеткізді. Бұдан кейін пайғамбар қайтадан Солтүстік Исраил патшасының қасына барып, былай деді: «Ал енді, бекінісіңізді нығайтып, тағы не істеу керектігін ойластырып көріңіз! Себебі келесі жылғы көктемде Арама патшасы қайтадан сізге қарсы шабуылға аттанып келеді». Келесі жылғы көктемде Бен-Хадад арамалықтардың жасақшыларын түгендеп жинап, Исраилмен соғыспаққа Әфек қаласына қарай өрлей аттанды. Келесі жылғы көктемде, патшалар жорыққа аттанатын уақытта, Жоғаб Исраилдің әскерін жауға қарсы бастап шықты. Олар аммондықтардың елін жаппай ойрандап, астаналары Раббаны қоршап алды. Дәуіттің өзі Иерусалимде қалып қойды. Жоғаб Рабба қаласына қарсы шабуыл жасап, оны қиратты.
Выбор основного перевода