Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Жақып Шимон мен Леуіге қатты наразыланып:— Сендер мені осы жерде тұрған қанахандықтар мен перездіктерге жек көрінішті қылып, бақытсыздыққа итермеледіңдер. Мендегі адамдар азғана. Әлгілер жиналып қарсы шығып, мені жеңіп, үй ішіммен жоқ қылар, — деп сөкті. Сондай-ақ, Ғилақадты, гешурліктер мен махалықтардың бүкіл аймағын, Хермон тауы мен Салхаға дейінгі барлық Башан аймағын, Ал гешурліктер мен махалықтарды исраилдіктер қуып шығарған жоқ, олар әлі күнге дейін Исраил елімен бірге тұрып келді. Сонда Ефтах ағайындарынан қашып кетіп, Тоб өңіріне қоныстанды. Сол жерде оған бірнеше бос жүрген жігіттер қосылып, оның соңынан еріп (жаудың елді мекендерін тонауға) шығып жүрді. Лаиштықтарды құтқаратын ешкім болмады. Себебі Сидоннан алыс қоныстанған олар басқа да ешкіммен қарым-қатынас жасамайтын. Қала Бет-Рехоб өңіріндегі аңғарда орналасқан болатын. Дандықтар оны қайтадан салып, соған қоныстанып алды. Бірде Дәуіт Евфрат өзенінің жағасындағы билігін қалпына келтіруге аттанып, Соба елінің патшасы Рехоб ұлы Ададәзерге шабуыл жасап, оны жеңіп шықты. Соба патшасы Ададәзерге дамаскілік сириялықтар көмекке келген кезде Дәуіттің жасағы олардың жиырма екі мың жауынгерін қырып салды.
Выбор основного перевода