Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде бір пайғамбар Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабтың қасына барып, оған былай деді:— Жаратқан Ие мынаны айтады: Сол орасан зор әскерді көріп тұрсың ба? Біліп қой, Мен оларды бүгін-ақ сенің қолыңа тапсырамын. Сонда сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың! — Ахаб:— Мұны Ол кім арқылы іске асырмақ? — деп сұрады. Пайғамбар оған:— Жаратқан Ие мынаны айтады: аймақ әкімдеріне қарасты жас жігіттер арқылы, — деп жауап берді. Ахаб қайтадан:— Ал шайқасты кім бастайды? — деп сұрағанда, пайғамбар:— Сіз өзіңіз, — деді. Сонда патша аймақ әкімдерінің қарауындағы жас жігіттерді шақырып алды. Олар екі жүз отыз екі адам екен. Содан кейін бүкіл исраилдік жасақты түгендеп санағанда, олар жеті мың болды. Бұлар түс кезінде соғысуға аттанып шықты. Сол уақытта Бен-Хадад өзімен одақтасқан отыз екі патшамен бірге шатыр ішінде ішіп, мас болып отырды. Ең алдымен қаладан аймақ әкімдеріне қарасты жас жігіттер бастап шықты. Бен-Хадад жіберген барлаушылар оларды байқап, оған:— Самариядан адамдар шықты, — деп мәлімдеді. Сонда ол:— Олар не бітім жасау үшін, не соғысу үшін шықса да, бәрібір оларды тірідей қолға түсіріңдер! — деген әмір берді. Осы аралықта аймақ әкімдерінің жас жігіттері және соңдарынан ілескен Исраил жасағы қаладан аттанып шығып, олардың әрқайсысы өзіне қарсы тап болған жаудың адамын күйретіп өлтірді. Сонда арамалықтар бас сауғалап қашып, исраилдіктер олардың артынан қуа жөнелді. Арама патшасы Бен-Хадад атқа мініп, біраз салт аттылармен бірге қашып кетті. Енді Исраилдің патшасы да қаладан аттанып шығып, жаудың аттары мен күймелерін қиратып, арамалықтарды қатты қырғынға ұшыратты.
Выбор основного перевода