Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Тімоте, балам менің, саған мына өсиетті аманаттаймын, ол бұдан бұрын өзің туралы Құдай Рухы білдірген хабарларға сәйкес: ізгі күресте сол хабарларға сай әрекет жасап, Сондықтан да Иемізді ашық мойындаудан ешқашан тартынба! Иемізге бола түрмеде отырған мен үшін де ұялма. Қайта, Құдай беретін рухани күш-қуатқа сүйеніп, Ізгі хабар үшін азаптарды бірге көр. Ал сен әрдайым қырағы, азапқа төзімді бол! Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқарып, қызметіңді орындай бер!
Выбор основного перевода