Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Содан кейін ол Қорах пен оның барлық жақтастарына тіл қатып былай деді:— Ертең Жаратқан Ие кімнің Өзіне бағышталған киелі екенін көрсетеді. Жаратқан Ие таңдап алғандарына Өзіне жақындауға жол береді. Мұса қауымға бұйрық беріп: «Мына зұлым адамдардың қостарынан аулақ шегініңдер! Әрі оларға қарасты ештеңеге де тиісуші болмаңдар! Әйтпесе олардың күллі күнәларына бола сендер де құрып кетесіңдер», — деді. О, Жаратқан Ие, өз Құдайымыз,Бізді билеп келді бөгде иелеріміз.Бірақ Сенің атыңды ғана құрметтейміз! Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі. Бұдан былай сенің атың Петір («Тас») болады. Осы іргетастың үстіне Мен Өзіме сенушілердің қауымын саламын. Оны өлімнің күштері де жеңе алмайтын болады.
Выбор основного перевода