Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
сендер Иеміз Иса Мәсіхтің атынан жиналыңдар, мен де рухыммен орталарыңда боламын. Сонда Иеміз Исаның билігімен әлгі адамды ескі күнәкар болмысын әлсірету үшін қауымнан шығарып, шайтанның қолына тапсырыңдар. Осылай ол теріс жолынан қайтып, жаны Иеміз қайта оралатын күні құтқарылсын. Өздеріңе деген сенімім зор, сендерді ерекше мақтан тұтамын. Соншама көп азап шексек те, жігерім артып, қуанышым қойныма сыймайды. Дегенмен мақтанғым келген күнде де ақымақ болмас едім, өйткені нағыз шындықты айтамын. Алайда мен туралы аса жоғары пікірде болмауларың үшін содан бас тарттым. Одан да өзімнен көріп-естігендеріңе сай ғана мені бағалаңдар!
Выбор основного перевода