Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Мәсіх мені шомылдыру рәсімін орындауға емес, Ізгі хабарды уағыздауға жіберді. Ол маған данышпандық пен шешендікті пайдалан демеді де, әйтпесе Мәсіхтің айқыштағы құрбандығы туралы уағыз өз күшінен айырылар еді. Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым. Тіптен сөзге шешен болмасам да, білімім жеткілікті. Соған барлық жағынан да көздеріңді толық жеткіздік қой. Сендерге Ізгі хабарды алғаш рет жариялағанымда денсаулығымның нашар болғанын білесіңдер. Бірақ та тәнімнің ауруынан жиреніп, теріс қарап кетпедіңдер. Керісінше, мені Құдайдың бір періштесіндей, тіпті Иса Мәсіхтің Өзіндей, қабылдадыңдар.
Выбор основного перевода